Блог ережелері

Блог Ережесі

 

Осы Ереже Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің блогының жұмыс тәртібін анықтайды

Бұл блог аудан әкімнің Интернет желісін пайдаланушылармен (азаматтармен) интерактивтік қатынасының баламасы болып келеді.
Блогтың қазақ және орыс  тілдеріндегі нұсқалары бар.
Блог http://tarbagatay.blog.vko.gov.kz  электрондық мекенжайында орналасқан.
Шет ұйымдардың блог бөлімдерінен ақпаратты жазу дейексөз және пайдалану кезінде міндетті түрде блогтың электрондық мекенжайына сілтеме болу қажет.

1. Комментарий қалдыру немесе сұрақ қою үшін тіркелуіңіз қажет. Басқа пайдаланушылар сіздің аты-жөніңізді және никті (желілік есім – интернетте пайдаланушылар қолданатын жасырын ат, көбінесе қатынасатын жерлерде қолданылады (чатта, форумда, блогта) көретін болады.
Егер сауалнамада нормативтік емес лексика қолданған жағдайда тіркеу қабылданбауы мүмкін. Жеке мәліметтерге енгізетін өзгерістер модерациядан өтеді, яғни хабар оны модератор мақұлдауынан кейін ғана пайда болады.

2. Автоматты түрде тіркелуге болмайды.

3. Егер сауалнамада дөрекі сөздер жазылатын болса, ол тіркелмейді.

4. Бір комментарийдің немесе сұрақтың көлемі екі мың белгіден аспауы қажет.

5. Бірнеше комментарий немесе сұрақтар сериясынан тұратын жолдаулар жарияланбайды.

6. Қазақ немесе орыс тілінде жазылған комментарийлер мен сұрақтар ғана қабылданады.

7. Комментарийлер мен сұрақтар сұрыптаудан өтеді.

8. Комментарийлер мен сұрақтар, егер:

– Зұлымдықты насихаттап, нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни, әлеуметтік белгілер бойынша қысым көрсетілетін болса, талқылауға қатысатын басқа да адамдардың ар-намысына нұқсан келтіріп, нақты бір тұлғаның немесе ұйымның атына қауіп-қатер төндіретін сөздер болса, жекелеген топтардың құқын шектесе, жасөспірімдердің құқын бұзып, оларға кез-келген формада залалын тигізетін болса;

– Үшінші тұлғаның жеке мәліметтерін оның рұқсатынсыз жарияласа;

мазмұны коммерциялық мақсатта болса немесе спам және жарнамалық ақпарат;

кез-келген құқық нормасын бұзса;

– дөрекі, бейәдеп сөздер немесе осындай сөздердің мағынасын беретін астарлы сөздер дереу жойылады;

– ой аяқталмаған болса;

– мәтін түсініксіз болса;

– егер мәтін латын қарпімен қазақ немесе орыс тілінде жазылған болса;

– мәтіндегі сөздердің барлығы бас әріппен жазылған болса;

– мәтін сөйлемдерге бөлінбеген болса жарияланбайды.

9. Блогтың ережесін үнемі бұзатын пайдаланушылар тіркеуден алынып тасталады.

10. Сауатты жазуларыңызды өтінеміз. Тілге құрмет көрсетілмей, оның ережелері мен нормасын елемей жазылған комментарий немесе сұрақ блогтан алынып тасталады.

11. Хабарламаны редактор түзетеді. Бірақ оның негізгі мазмұны мен қисыны сақталады.

12. Комментарий жазғанда қандай да бір желілік ресурстарға, құжаттарға, суреттерге, бейнефайлдарға сілтеме жасамауларыңызды өтінеміз. Мұндай сілтемені модератор жойып отырады.

13. Блогқа қатысты қандай да бір сын немесе ескертулеріңіз болса модераторға жолдауларыңызды сұраймыз.