Сұрақтармен жауаптар

Шағын және орта бизнес

Сәлеметсіз бе, менің сізге коятын сурагым мунда жазылган сурактардын дарежесине кирмейди. Бирак сонда да сол жайлы сурауга шештим. Мен сиз баскарып отырган ауданнын (бурынгы Аксуат ауданынын) тумасымын. бирак казир Алматы каласында турып жатырмын, жылына 1 рет туган жеримизге барып кайтуды адетке айналдырганбыз, сондай сапармен жакында ауылымызга барып кайттык Алматы-Оскемен автомобиль жолы аркылы.Биздин бала кезимизде (80 жылдары) Кызыл-Кесик-Тарбагатай ауылдары арасындагы жол жонделмей, айкыш-уйкыш болып жататын еди али де сол калпынан айнымайды, сол жолды жондеуге Сиздерге не нарсе кедерги, соны билгим келеди

Денсаулық сақтау

Жұмыспен қамту

Құмкөл ауыл округіне қарасты Қызыл жұлдыз елді мекені бойынша кіші орталық ашылды. Кәмелеттік жасқа толмаған балам бар, ақсуат ауылындағы интернатта жатып оқиды, оқу озаттары. Жанұяда ешкім жұмыс істемейді,балалар жәрдемақысы мен жеңілдікке өмір сүріп отырмыз. Осы орталыққа кіші қамту жұмысына о.рналасуыма жанұя жағдайымды ескеріп көмек көрсетсеңіз. Қызыл жұлдыз елді мекенінің тұрғыны .Мухамеджанова Назгул Кузановна

Ақжар ауылының тұрғыны Назарбаевадан анам Мұхаметжанова Биған тыл және еңбек ардагері басында баспанасы уй кезегінде тұрғанынакөп болды әлі берілмеді осы кісіге көмек беруіңізді сұраймын

Ақжар ауылының тұрғыны Назарбаевадан.Еңбек ардагері батыр ана тыл ардагері анам Мухаметжанова Биған уй кезегінде түр 87,жаста уйалуға көмек жасауыңызды сұраймын

Сәлеметсизбе мен Ақсуат ауылының тұрғыны Кошчебаева Жайнагүлмін. Екі баламен декреттік демалыста отырмын.Ата-енеммен тұрып жатырмыз.жеке шығуға жағдайымыз жоқ.Жолдасыма тұрақты жұмыс таппай келеміз.Мамандығы \"газэлектросварщик\",Елбасымыз жастарды қолдау туралы жақсы бастамалар айтуда,бірақ соның шарапатын көре алмай отырмыз.Балаларымның болашағын ойлап қиналамын.Жұмысқа орналасса жағдайымыз оңалып,қазақтың демографиясына өз үлесімізді қосар едік.Талай жердің есігін тоздырдық,бірақ еш нәтиже жоқ.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бойынша мен өз жеке меншігіме мал өсіріп өзімді жұмыспен қамту үшін, кредит алуға құжаттар жинап өткізген едім, бірақ менен кейін құжат өткізген адамдар өтіп кетті менің құжаттарымды өткізбеді, неліктен? негізінен құжаттарым барлық талаптарға сай болатын, талай мәрте жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері тексеріп алған. Мен жұмыспен қамту қызметкерлерінен сұрағанымда, маған сендердің ауылдарыңнан елдер жазып сызып жатыр деген жауап бере салды. Мұны сонда қалай түсінуге болады, мен сонда осыдан 2 бұрын Ақсуатта болған аудан кәсіпкерлеріне арналған семинарда барлық өзін өзі жұмыспен қамтимын деген жас азаматтарға беріледі деген еді аудан әкімінің орынбасары С.Жақаев мырза

Жастар саясаты

тест

Сәлеметсізбе!Менің есімім-Назерке!Мен 1 желтоқсан 1991 жылы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президент болып сайланған күні дүниеге келдім.Апам мен атамның ең бірінші немересі және ата-анамның тұңғыш қыздары болғандықтан атам ырымдап есімімді Назарбаев атасындай болсын деп \"Назерке\" деп қойды.Алтын әріппен жазылған бұл күні дүниеге келгенім мен үшін үлкен бақыт,үлкен қуаныш!Алла қаласа биылғы жылы 21 жасқа толамын және де биылғы жылы 1 желтоқсанды мереке күні болуына мен үшін қуаныш!Мен өзімнің бұл күні дүниеге келгенім және атымның да ырымдап қойылғаны Алла Тағаламның маған берген сыйы деп ойлаймын,мен әрқашанда елім үшін қызмет еткім келеді,Қазақстанымның дамуына өз үлесімді қосамын!Өзім жатақанада тұрамын,менен кейін 3 сіңілім бар,көп балалы отбасы болып есептелеміз.Ата-анам қартайып қалды,барлығына қамқор болу менің мойнымда.Менің сізге қояр сауалым:\"Маған қандайда бір көмек көрсете аласызба?\" Мені ең қинайтыны баспана мәселесі,сіңілдерімді қайтсем екен деп әрқашан ойланамын,басқа адамдар сияқты қолым ұзын емес.Ешкімнен қайыр болмағандықтан сізге хат жолдауыма тура келді.Бұл хатты шын ниетпен,көмегініңіз тиер деген үлкен үмітпен жолдап отырмын.Мен сізді қатты бағалаймын ! Осы сұрағыма жауап беріп және қолдау көрсетсеңіз нұр үстіне нұр болар еді және де сізге айтар алғысымда шексіз! Әрқашанда Алланың назарында болыңыз!Хат жолдаушы: Назерке Қайырбаева Мемлетханқызы

Какие мероприятия ВЫ прповодите для подготовки вашей детей к ЕНТ-2012-2013г.