4 Наурыз, 2016 / Пікір жоқ

Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Осынау көркем мерекесенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Күндей құлпырып, гүлдей жайнап өміріміздің көркі болып жүре беріңіздер! Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, зор денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

29 Желтоқсан, 2015 / Пікір жоқ

Құрметті Тарбағатай тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
2015 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады. Ол еліміздің тарихына алтын әріптермен жазуға тұрарлық жыл болып енді.
Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері Сіздердің еселі еңбектеріңізсіз мүмкін болмас еді. Өтіп бара жатқан жыл ішінде жасампаз еңбек, ынтымақ, өзімізге деген және келешекке деген сенім жас әрі жасампаз мемлекетіміздің дамуы мен табысының негізгі жолы екендігіне көз жеткіздік.
Басымызды біріктіретін жаңажылдық мейрам күндері бізге әрдайым алдағы қиындықтарды еңсеруде, үлкен істерді жүзеге асыруда береке-бірлігімізді арттыра түссін.
Тарих қойнауына кетіп бара жатқан 2015 жыл тарту еткен барлық жақсылық атаулы жарасымды жалғасын тапсын.
Елiмiзде тыныштық пен ынтымақ салтанат құрып, Тәуелсiздiгiмiз мәңгi болғай!
Жаңа жыл жаңа жетістіктердің және үміттердің жүзеге асқан жылы болсын. 2016 жылдың әр таңы сәттілікке толы болып, Сіздерге зор денсаулық пен бақыт сыйласын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

15 Желтоқсан, 2015 / Пікір жоқ

Құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осыдан 24 жыл бұрын Қазақстан Республикасы тарихи таңдау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған еді. Содан бергі өткен аз ғана уақыт аралығында Қазақстан бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып, орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Егемен еліміздің айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы да халықаралық үлкен бәсекеде бас бәйгеге ие болды. Әлемнің 161 мемлекетінің арасында топ жарып «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болу үлкен мерей, зор құрмет. Бұл – біздің бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісі, бұл – біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының жеңісі. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге зор табыс тілеймін!

Аудан әкімі Д.Оразбаев

Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаймын

8 Мамыр, 2015 / Пікір жоқ

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері!
Қадірменді жерлестер!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздер, албырт жастықтың қызықты шақтарының орнына өмір мен өлім алысқан зұлым соғысты көріп, өлшенбес ерліктің, Отан алдындағы адалдық пен азаматтық парызды атқарудың өнегесін көрсеттіңіздер. Бүгінгі күнге ақ самайлы аталар мен ақ жаулықты әжелердің тарих беттеріндегі ерен ерліктері ұрпақ алдында мәңгі жаңғырып жасай бермек. Жеңіс мерекесі жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның мерекесі.
Осынау жарқын мереке-Жеңіс күні, Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ пен береке тілеймін!

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

19 Наурыз, 2015 / Пікір жоқ

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді көктем мен жаңарудың, еңбек пен жасампаздықтың, достық пен татулықтың мерекесіне айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің ортақ үйіміз – Егеменді Қазақстанның гүлденуі үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті де баянды болуына тілектеспін.
Құт – береке бастауы болған көктем мерекесі Сіздерге және отбасыларыңызға ырысы мен байлығын, бақыты мен ынтымағын әкелсін. Бар шаңыраққа жайлы тұрмыс пен бейбіт өмір тілеймін. Әр отбасында бақыт, табыс, аманшылық болсын.Табиғаттың жаңару кезеңінде тың күшпен жаңа биіктерге жетейік.
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!